Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған биылғы жолдауында салық-бюджет саясатын жаңа экономикалық жағдайға бейімдеу атап көрсетілген. Бұл мемлекетіміздің бас құжатының үшінші басымдығы-макроэкономикалық тұрақтылық бағытында тайға таңба басқандай айқын айтылған. «Бюджет шығыстарының тиімділігін түбегейлі арттыру қажет. Тиімсіз бағдарламалардың қаражатын үшінші жаңғырту міндеттерін іске асыруды қамтамасыз ететін бағдарламаларға қайта бөлу қажет.Сондай-ақ, қаражатты нақты экономикаға негұрлым тезірек әрі тиімдірек жеткізу үшін бюджеттік рәсімдерді жеңілдеткен жөн» деген Мемлекет басшысы салық саясатын бизнестің «көлеңкеден» шығуына бейімдеп, шикізаттық емес сектордағы салықтық базаны кеңейтуге бағыттау,қазіргі салық жеңілдіктерін оңтайландыру,жалпыға ортақ декларациялау қарсаңында арнаулы салық режимін жаңаша қарастыру керек екендігін атап өтті. Бұл өз кезегінде елде экономиканың қозғаушы күші шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға серпін беріп, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, салық базасының кеңеюіне жол ашады.
Жолдаудағы бесінші басымдық-сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында елеулі қадамдар жасау және оның салдарымен күресу болып табылады. Бас құжатта Елбасы сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажеттігін,маңызды мәселе бірі-сатып алу саласын жетілдіру екендігін айтты. Үкіметке мемлекеттік сатып алу жүйесін орталықтандырылған қызмет қағидаты бойынша енгізуді тапсырды.
Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты.Әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі күрестің қуатты құралына айналуға тиіс.
Майра Бисенова.
Сырдария ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының «Талдау, есептеу және салықтық бақылау бөлімінің басшысы.