ЕҢБЕГІ ЕСКЕРІЛДІ

ЕҢБЕГІ ЕСКЕРІЛДІ«Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Қасқырбек Мәмбетжан ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Марапатты «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Ибадулла Құттықожаев табыстады. 
Қасқырбек Өмірзақұлы партияның стратегиялық бағыты, бағдарламалық мақсат-міндеттерін, Саяси доктринасын іске асыруда, партиялық саяси іс-шараларды жүргізуде, ауданның экономикасы мен мәдениетінің өркендеуі жолында белсенді еңбек етіп келеді. Жазушылығымен қатар журналистика саласында да атқарған істері бір төбе. «Сыр бойындағы Үйсіндер» шежіре кітабы, «Қазалы ауданының энциклопедиясы» кітабының жауапты редакторы болды. «Өмірдің кейбір сәттері» атты кітаптың авторы. 


Гүлдәрі ИМАНАЛИЕВА.
.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 сәуір 2017 г. 485 0