
Францияда президенттік сайлаудың алғашқы туры аяқталды. 11 үміткер қатыстан сайлаудың алдын ала нәтижесі бойынша, Эммануэль Макрон 24 пайыз дауыспен алға шықты, оның басты қарсыласы - Марин Ле Пен 22 пайыз дауыспен екінші орын алды.
Бұл екеуі 7 мамырда өтетін екінші турға қатысады.
Сайлау қарсаңында жүргізілген сауалнама бойынша, екінші турға өтуге төрт үміткердің мүмкіндігі болды. Олар - "Алға!" тәуелсіз қозғалысының үміткері Эмманюэль Макрон, "Ұлттық майдан" оңшыл популистік партиясының жетекшісі Марин Ле Пен, "Республикашылдар" партиясының өкілі Франсуа Фийон және "Жеңілмеген Франция" солшыл қозғалысының жетекшісі Жан-Люк Меланшон.
Сайлау күні қалалардың қауіпсіздігін құқыққорғау органдарының 50 мыңға жуық қызметкері қадағалады.
Бақылаушылар Франциядағы президенттік сайлау нәтижелерінің маңызды екенін атап көрсетті. Франция - БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі, Еуроодақ пен НАТО-ның жетекші елдерінің бірі, экономикасы бойынша әлемдегі бесінші мемлекет.