Туған өлкенің табиғаты

Туған өлкенің табиғаты Бірнеше ғасырдан бері ата-бабаның қан-терімен тұздықталған туған жердің топырағы қашаннан киелі. Сондықтан атамекенді аялау басты парызымыз. Жаратушы иеміз Сыр елінің несібесін жердің бетінен де, астынан да мол етіп берген.
Ақмешіт атырабының негізгі бөлігі Тұран ойпатында орналасқан. Шығысында Қаратау жоталары, солтүстік-батысында Арал маңы Қарақұмы, оңтүстік-батысында Қызылқұм орналасқан. Облыстың климаты жазы ұзақ мерзімді ыстық және қары аз қысқа мерзімді суық, күрт өзгермелі континентті. Мұндай режим еуроазия материгінің ішінде орналасуымен, оңтүстік аймаққа жақындығымен, атмосфера ауысымдылығы және өзге де факторлармен сипатталады. Табиғаттың континенталдығы көптеген метеорологиялық өзгерістерден байқалады.
Аймақтың біршама бөлігі өсімдігі аз сортаң тартқан жерлерді құрайды. Кей қатайған жерлерінде жусанды бетегелер, тұзға бейімделген өсімдіктер, көктемде құмдақ және сортаң жерлерде өсетін тұрақсыз өсімдіктер, құм арасында дүзгіндер өседі. Құм төбешіктері сексеуіл, жыңғыл, теріскен, бұйырған және жусандармен бекіген. Шөл даласында жыртқыш аңдар және тұяқтылар, кеміргіштер мен құстар кездеседі. Ал Сырдария өзенінен ондатра тышқанын да байқап қалу ғажап емес.
Құрғақшылық – облыс климатының ерекшелектерінің бірі. Жауын-шашын өте аз жауады. Және күшті жел, шаңды дауылдар жиілеп тұрады.
Сыр жерінің бедерi әр түрлi және берер әсері мол. Мәселен Сырдария өзені жабайы, тылсым табиғатқа жан бітірсе, қарт Қаратау Арқаның қатал табиғатынан қорғап тұрғандай. Қызылқұмның шөлi өз аптабына қуырылып тұрғандай, дем алады. Ән айтатын шағылдар, шөлдiң түрлi оюы мен өрнегі - сиқырымен арбағандай есте қалады. Солтүстiкте - Арал теңiзi. Жағасы көгiлдiр ақық су, Барсакелместiң Ұлттық табиғи қорығындағы таңғажайып құстардың ұя салуы, сахаралық тұяқтылардың сирек түрлерi табындарын сенен жасырып, сағымдай көз ұшында бұлдырайды.
Табиғаты тұмса Сыр жерін ежелгi «Жібек жолы» керуенінің жаяу жолдары мың желi етіп сызбалаған кеңiстiкке айналдырған.
<!-- [if gte mso 9]> Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE <!-- [if gte mso 9]> <!-- [if gte mso 10]> /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin;}
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 сәуір 2017 г. 1 500 0