
Еліміздің бас қаласы Астанада өтетін ЭКСПО - 2017 халықаралық көрмесіне төрт мыңға жуық сырдариялық баратыны жоспарлануда.
Сырдария ауданының әкімдігінен мәлім еткендей, айтулы шараға баруға ниет білдірген мектеп оқушылары, студенттер, зейнеткерлер мен көпбалалы аналар аудан әкімдігінің қолдауымен және жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен саяхат жасамақ.
Көрме билеттерін Тереңөзек кентіндегі теміржол вокзалының билет кассасынан сатып алуға болады.
Сырдария ауданының басқа аудандардан шағын екенін ескерсек, талапкерлердің қатары аз еместігін байқауға болады.Соңғы статистикаға сүйенсек, онда 2010 жылы 38 375 мың адам тұрды. Аудандағы 17 елдімекен 1 кенттік және 12 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы - Тереңөзек кенті.