Сыр бойына судан қауіп жоқ

Сыр бойына судан қауіп жоқАрал-Сырдария бассейіндік су шаруашылығы инспекциясының басшысы Әділхан Қарлыханов, облыстық төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Саид Молдақараев, облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Ғабит Жаңабаев қатысқан брифингте су қоймаларының межеден артық толуын болдырмау үшін артық судың өзен арнасына босатылып жатқандығы айтылды,деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі.
Ол үшін Өзбекстан Республикасымен арнайы келісім жасалған. Облыс аумағында әлі де болса судың мол келуіне байланысты қала, аудан әкімдіктері мен тиісті сала қызметкерлері тарапынан дарияның бойына кезекшілік ұйымдастырылған.  Сонымен қатар Азаматтық қызметтері күшейтілген режімде жұмыс жасап жатыр.
– Бүгінгі күнге дейін Шардара су қоймасынан төменге секундына 1 100 текше метр су түсіп, облыс шекарасындағы Көктөбе су бекетінен секундына 1000 текше метр су өтуде. Аталған су бекеті мен Қызылорда су торабы аралығындағы су таратушы каналдар арқылы секундына 292 текше метр су ағызылған. Жаңақорған ауданының елді мекендерін судан қорғау мақсатында осы аумақта орналасқан 4 су қоймасының жағдайы қатаң бақылауға алынып, тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылып отыр. Осы орайда айтарымыз, Сырдарияға жақын орналасқан елді мекендерді су басу қаупі жоқ",- дейді облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Ғабит Жаңабаев.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 сәуір 2017 г. 577 0