ЕҢБЕК САЛАСЫНДАҒЫ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ЕҢБЕК САЛАСЫНДАҒЫ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫОблыс әкімінің өкімімен Жалғасбаев Ертілеу Шынтасұлы  Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Е.Жалғасбаев 1962 жылы туған. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1984 жылы «Сельхозтехника» бірлестігінің заңгер-кеңесшісі ретінде бастаған. 1985-2017 жылдары прокуратура органдарында қызмет атқарды.  Арал, Қазалы аудандары мен Байқоңыр қаласының прокуроры, облыс прокурорының орынбасары секілді жауапты басшылық қызметтер атқарған.
2010 жылдан бастап ағымдағы жылдың ақпан айына дейін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының бастығы.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 сәуір 2017 г. 1 131 0