ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫОблыс әкімінің өкімімен Әбдіхалықов Ержан Қыпшақбайұлы Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
Ержан Әбдіхалықов 1982 жылы туған. Алматы энергетика және байланыс институтын «инженер-энергетик» және «жылу энергетика магистрі» мамандықтары бойынша бітірген.
2013-2016 жылдары Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасын басқарды.
2016 жылдың қараша айынан бастап осы кезге дейін «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының бірінші орынбасары.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 сәуір 2017 г. 1 199 0