Ойларын ортаға салды

Ойларын ортаға салдыБүгін «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының мәжіліс залында Елбасы, Партия Төрағасы Н. Ә. Назарбаевтың 12 сәуір айындағы «Болашақ бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласын «Нұр Отан» партиясының облыстық және қалалық депутаттық фракция мүшелері, бастауыш партия ұйым жетекшілері мен «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері мақала төңірегінде талқылау өткізді.
Қалалық партия филиалының фракция мүшелері Қ.Ерназаров, Е.Байтілес, С.Бихожа және Л.Қожаниязова мақала бойынша өз ойларын ортаға салды. Фракция мүшелері алдағы уақытта жалпы жолдау, мақалаларды халық арасында түсіндірме жұмыстарының жалғасы болатындығы жөнінде айта кетті. Фракция отырысын қорытындылай келе «Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары, фракция жетекшісі Ш.Әбдірахманов жиналған қауымға Елбасының қандай бір бастамасын бірлесе отырып үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге және «Болашақ бағдар:рухани жаңғыру» атты мақала, Жолдауды алдағы уақытта ұжымдық, бастауыш партия ұйымдарында, тұрғындар арасында талқылауды үзілмеуін ұсынды.
Ойларын ортаға салдыОйларын ортаға салды
Ойларын ортаға салды
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 сәуір 2017 г. 641 0