
2016 жылы маусымда Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің басшылары отырысы кезінде мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасына сәйкес Ішкі істер министрлігі ұйымның барлық мемлекеттері қатысатын «Есірткісіз әлем» атты халықаралық акциясын өткізуді жоспарлаған болатын. Аталған акция республикамыздың барлық облыстарында өткізілуде.
Осыған сәйкес, ағымдағы жылдың 19 сәуір күні А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде қала көлеміндегі білім беру ұйымдарының оқушылары мен студенттерін қатыстыра отырып кең көлемді акция болып өтті.
Акцияның негізгі мақсаты – жастар мен жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.
Жастарға оң үлгі көрсетуді мақсат еткен шараға Сыр өңіріндегі атақты азаматтар, атап айтқанда депутаттар, спортшылар, дәрігерлер, әртістер, әншілер қатысып, жастарға ақыл-кеңестерін айтып, үндеу жолдады.
Шара концерттік бағдарламаға ұласып, жасөспірімдер өз өнерлерін көрсетті, билер биленіп, әндер айтылды, театрландырылған қойылымдар қойылды.
Айта кетерлік жайт, халықаралық акция Астана қаласында қорытындыланып, жабылу салтанаты 19 сәуір күні өтеді.