Тапсырмалар орындалуымен құнды

Тапсырмалар орындалуымен құндыСырдария ауданының әкімі Ғанибек Қазантаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтіп, төрт мәселе талқыланды. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының маңыздылығына арналды. Аталған мәселе туралы аудан әкімінің орынбасары Б.Өтегенова хабарлама жасап, рухани жаңғыру дамуға, өсіп-өркендеуге негізделгенін жеткізді.
Аппарат мәжілісіндегі екінші мәселе «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша атқарылған жұмыстарға арналып, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Е.Жақып хабарлама жасады. Ал, үшінші мәселе «Ауылшаруашылық кооперативтерін кепіл-мүлікпен қамтамасыз ету туралы» аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Л.Қозыбаева баяндады. Сондай-ақ, ауданның макроэкономикалық көрсеткіштері жөнінде аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы М.Жүсіпбекова баяндама жасап, жоспарланған міндеттердің орындалу барысын айтып өтті.
Күн тәртібіндегі барлық мәселе талқыланғаннан кейін аудан әкімі Ғ.Қазантаев тиісті бөлім, мекеме басшылары мен кент және ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар берді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 сәуір 2017 г. 491 0