Аққұмда этнос өкілдерінің өнер фестивалі өтті

Аққұмда этнос өкілдерінің өнер фестивалі өттіАққұм ауылдық клубында «Қазақстан – бірлік пен тұрақтылық мекені» атты түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен өнер фестивалі өтті.
Фестивальге аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов, «Қоғамдық келісім» КММ-нің этносаралық қатынастарды талдау және мониторинг бөлімінің бөлім басшысы Е.Уәйіс, Ұлттық – мәдени орталықтармен жұмыс жасау және қоғамдық шараларды ұйымдастыру бөлімінің бөлім басшысы Г.Сәрсенбай, «Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мұстафаева,  Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.
Арнайы Қармақшы ауданынан  түрік этносының әншісі А.Дямуршаев қонаққа келді. Фестиваль барысында шешен, түрік, қазақ, украин, орыс этностарының билері биленіп, әндері шырқалды. «Қазына ардагерлер» ансамблінің «Аналар» тобы, түрлі этнос өкілдерінің оқушыларынан құралған топ «Достық» биін билеп, ауданның мерейін шығарып жүрген «Мұрагер» ансамблінің жас домбырашылары қазақтың күйлерін нақышына келтіре орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Ауданның қоғамдық-мәдени шараларына белсене араласып жүрген бірқатар түрлі этнос өкілдері аудан әкімінің арнайы алғыс хаттарымен марапатталып, оларға «Жалағаш достық мекені» қоғамдық бірлестігінің  бағалы сыйлықтары табысталды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 сәуір 2017 г. 539 0