
2017 жылы тұрғын үй құрылысы "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында жүзеге асырылып, төменде көрсетілген бағыттар бойынша тұрғын үй құрылыстары жүргізілетін болады. Олардың қатарында, ипотекалық несиелендіруді қолдау, Тұрғын үй құрылысын жеке құрылыс салушылар арқылы жүзеге асырылуын ынталандыру, несиелік тұрғын үй құрылысын тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесі арқылы жүзеге асыру, арендалық тұрғын үйдің өңірлік қорын құру, жеке тұрғын үй құрылысын дамыту.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы М.Әлсеріков мәлімдеді. 2017 жылы «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында облысымызда барлығы 44 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізіп, пайдалануға беру жоспарлануда.
Брифинг барысында облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы М. Молдабаев салада атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталды.
– Жыл көлемінде басқармамен жалпы саны 37 жоспардан тыс тексеру жүргізілген. Тексерулер бойынша 4 нұсқама берілді. 2017 жылдың есепті кезеңінде 54 объект бойынша қабылдау актілері тіркелді, оның ішінде 26 объекті бюджет есебінен, – деді М. Молдабаев.