
Сырдария ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Б.Өтегенованың төрағалығымен семинар-кеңес өтті.
Семинар-кеңеске «ЗУБР» Консалтинг-Орталығының директоры Кулик Виталий Олегович, «ЗУБР» Консалтинг-Орталығының әлеуметтік-экономикалық даму бойынша ЮНИСЕФ сарапшысы Юлия Натарова, аудан әкімдігіне қарасты бөлім, мекеме басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, білім беру мекемелерінің директорлары, психолог мамандары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Семинар кеңесті аудан әкімінің орынбасары Б.Өтегенова ашып, жүргізіп отырды. Жиынның білім беру мекемелері үшін маңызы зор екенін атап өткен аудан әкімінің орынбасары бүгінде аудан әкімдігі мен «ЗУБР» Консалтинг-Орталығы арасында ынтымақтастық байланыс орнатылғанын жеткізді. Өз кезегінде «ЗУБР» Консалтинг-Орталығының директоры В.Олегович баяндама жасап, апаттар тәуекеліне талдау жүргізу бағытында атқарылған жұмыстарды саралады. Семинар-кеңес барысында мамандар қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, өзара пікір алмасты.