
Мексикалық боксшы кіші Хулио Сезар Чавестің пікірінше, қазақстандық Геннадий Головкин өзінің отандасы Сауль Альвареске қарағанда әлдеқайда мықты, деп жазады prosports.kz.
«Канелода Головкинді жеңетін мүмкіндік бар деп ойлайтынмын, бірақ қазір ойымды өзгерттім. Себебі Канело GGG-мен спарринг өткізді, оның бар қуатын сезінді. Оны жеңетіндей әсерде емес екенін түсінді, өйткені оның денесі Головкиннен кіші. Геннадий, расымен де, тамаша боксшы. Олимпиаданың күміс медалін алған, күш-қуаты да мығым. Боксшы ретінде ол Альварестен мықты, физикалық дайындығы да жақсырақ. Ол нағыз орта салмақ боксшысы саналады», - деді кіші Чавес ESNews-ке берген сұхбатында.
Айта кетейік, Головкин америкалық Дэниэл Джейкобсты ұтты, ал енді Альварес кіші Чавесті жеңетін болса, қыркүйекте жеңімпаздар кездеседі деп жоспарлануда. Канело-Чавес жекпе-жегі 6 мамырда өтеді.
Baq.kz