Жердегі ең қарт тұрғын өмірден озды

Жердегі ең қарт тұрғын өмірден оздыЖердің ең қарт тұрғыны италиялық Эмма Морано 118 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Бұл туралы La Republica хабарлады.
Кейуана өзінің ұзақ жасауының сыры күн сайын үш жұмыртқа мен туралған ет тұтынып, жалғыздықта өмір сүруінде деп есептейді.
Морано 2016 жылы мамыр айында америкалық Сузанна Мушатт Джонс көз жұмғаннан кейін, ғаламшарымыздағы ең қарт тұрғын деп танылды. Италиялық 1900 жылға дейін өмірге келген соңғы адам еді.
Айта кеткен жөн, 2016 жылы қытайлық Фу Суциннің120 жасында қайтыс болғаны туралы хабарланған болатын. 

 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 сәуір 2017 г. 525 0