ТАЗАЛЫҚҚА АРДАГЕРЛЕР ДЕ АТСАЛЫСТЫ

ТАЗАЛЫҚҚА АРДАГЕРЛЕР ДЕ АТСАЛЫСТЫСенбі күні облыс әкімінің орынбасары Қуанышбек Ысқақов Талсуат елді мекеніңдегі №2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында өткен сенбілікке қатысты. Тазалық күніңдегі шараға 300 адам тартылып, 2 мыңға жуық көшет отырғызылды. 
Игілікті шараға қатысқандар қатарында елді мекен ардагерлері де болды. Олар облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы қызметкерлерімен бірге көркейту-көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп, орталық ауласын тазартуға атсалысты.
Айта кетейік, өткен жылы облыс әкімінің тікелей қолдауымен аталған орталық салтанатты түрде ашылып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Ғимарат заман талабына сай жабдықталған. 
Бүгінгі күні орталықта психоневрологиялық науқасы бар 400-ден астам азамат арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылып отыр. 

Нұрсұлтан ҚАЗБЕКОВ.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 сәуір 2017 г. 515 0