СЕНІМ МЕН СЫЙЛАСТЫҚ

Өткен сенбіде облыстық «Wiedergeburt» неміс этномәдени бірлестігі «Frohe Ostern» мерекесін атап өтті. Ол Пасха мерекесіне орайластырылды. 
Шарада облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов жиылғандарды мерекемен құттықтап, неміс этномәдени бірлестігінің белсенді мүшелерін алғыс хаттармен марапаттады. 
Мерекеге келгендердің құрметіне пасханы тойлаудың салты мен дәстүрі көрсетіліп, ән мен биге ұласты. 
Германияда байырғы кезден Ostern мерекесі көктем нұрын шашқанда тойланатын болған. Негізінде күн мен түннің теңелуі мен алғашқы көктем айының толған кезінде аталып өтіледі. Пасха – бұл көктем мезгілі басталуын білдіретін, соған сай жаңа бастау символындай боялған жұмыртқа, мол өнімді білдіретін пасха қояны, әртүрлі пісірілген нан және тәттілер дайындайды. Немістер көктемнің шуағын шашып келген нұрлы мереке – ол жарық, махаббат, үміт және жаңару әкеледі деп сенеді. 
Неміс отбасылары есігін ашық қойып, үйге келген қонақтарды жылы қарсы алады. 

Ш.АЛТЫНБЕКҚЫЗЫ.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 сәуір 2017 г. 667 0