Жалындап өткен жас ғұмыр

Жалындап өткен жас ғұмырӘ.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында 2017 жылы таңдалып алынған қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы, аса көрнекті ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығына арналған «Жалындап өткен жас ғұмыр» атты поэзия кеші өтті.
«Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Ерекшеліктердің бірі бір мезгілде бүкіл ел болып бір кітапты оқып-талқылау болып табылады.
Акцияның мақсаты – қазақ әдебиетін көпшілікке танымал ету, қоғамның кітап оқуға және Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылығын арттырып, өскелең ұрпақтың рухани дамуына ықпал ету.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 сәуір 2017 г. 618 0