
Біздің Димаш Хунань телеарнасының «Singer 2017» ән байқауынан екінші орынды иеленді. Осы уақытқа дейін өзінің ерекше даусымен елді таңғалдырып келген әнші ақтық сында қытайлық әншіге жол берді. Қытайлық www.hsbaodi.com сайтының хабарлауынша, соңғы сында Димаштың микрофоны үзіліп, даусы бәсеңдеп қалған. Бұл оның жеңісті қолдан беруінің бір себебі болуы мүмкін.
Өздеріңіз де байқаған боларсыздар. Әннің соңғы жағында Димаштың дауысы мүлдем бәсеңдеп, оның жұбы Шаң Венженің дауысы ғана айрықша естілген болатын. Мұны интернет қолданушылары да жарыса жазып, микрофонның істен шыққан айтуда.
«Сонымен қатар, тағы бір қытай әншісі Джаң Бичын де ән айтып келе жатып, ортасына келгенде микрофоннан ақау шығып, дауысы мүлдем естілмей қалды. Осылайша, әнші микрофонды жақындатып айтуға тырысты. Интернет қолданушыларының болжамы бойынша, Джаң Бичын сахнаға шығып ән айтып жатқан кезде, микрофоннан ақау шыққанын сезіп, оған жақындау арқылы өзінің дауысын көтермек болған. Екеуі де айтарлықтай танымал әрі мықты әншілер, сахнада микрофоннан ақау туындағанына қарамастан, олар жақсы өнер көрсете алды. Соңында Димаш екінші орынға ие болып, Джаң Бичын алтыншы орын алды. Бұл айтарлықтай жақсы нәтиже», – деп жазады Қытай сайты.
Дереккөз: «ҚазАқпарат»