Еліміздің бірқатар облысында ауа райы бұзылады

Еліміздің бірқатар облысында ауа райы бұзылады Демалыс күндері еліміздің басым аумағында ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды Baq.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қазақстанға Ресейдің еуропалық бөлігі мен Жерорта теңізінен ығысатын циклон әсерінен ауа райы бұзылады. 15-17 сәуір күндері бірқатар облыста жаңбыр жауып, екпінді жел соғады. Ауа температурасы төмендегенімен, климаттық нормадан 2-5 градустан жоғары болады», - дейді синоптиктер.
15 сәуірде Астанада күн бұлтты болады, күндіз жауын жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Сынап бағанасы түнде +1...+3, күндіз +14...+16 градус. 16 сәуірде желдің бағыты оңтүстік-батыс, батысқа ауысады. Ауа температурасы түнде +7...+9, күндіз +8...+10 градус.
17 сәуірде желдің жылдамдығы 9-14 м/с дейін, түнде екпіні 15-20 м/с дейін баруы мүмкін. Ауа температурасы түнде 0, күндіз +8...+10 градус.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 сәуір 2017 г. 622 0