11 МЫҢҒА ЖУЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН

11 МЫҢҒА ЖУЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛГЕНӨңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық білім басқармасында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы брифинг өтті. 
Басқарма басшысының орынбасары Құралай Ерташова өткен жылы барлығы 10 922 қызмет көрсетілгенін жеткізді. Оның ішінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау, осындағы білім алушыларға жатақхана беру, негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру және басқа да түрлері бар. 
– Сайтымызда әрбір қызмет бойынша толық ақпарат қамтылған. Олар тұрақты түрде жаңартылып отырады, – деді Қ.Ерташова. 
Былтыр ведомство өкілдері аудандарды аралап, жауапты қызметкерлерге басқармаға қарасты колледждерде көрсетілетін қызметтер жөнін түсіндірді. Брифингте сондай-ақ Шиелі және Жалағаш аудандық білім бөлімінің басшылары Нұржан Жақыпов пен Гүлзат Құрманбаева осы бағытта атқарылған жұмыстарды баяндады. 

Н.ҚАЗЫБАЙҚЫЗЫ


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 сәуір 2017 г. 528 0