Мақсатқа жету жолындағы құрал

Мақсатқа жету жолындағы құралМемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын оқып, еліміздің алға қойған мақсат-міндеттеріне жету жолындағы біршама жоспарланымен нақты таныстым.
Елбасының: «Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады» деген сөзі еліміздің озық ойлы жастарын алға ұмтылуға жетелейді.
Еліміздің бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылу кезіндегі рухани байлығымыздың үлесін көбейтуіміз керек. Себебі, бәсекеге қабілетті болу тек қана экономикаға байланысты емес. Жастардың бойына рухани құндылықтарды дәріптеу сезімін сіңіре білсек, ол да өз алдына үлес болары сөзсіз.
Ұлт көшбасшысының біздің алдымызға қойған міндеттері халқымыз үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, елімізді дамудың жаңа сатысына көтереді деген сенімдемін.
Жасұлан Алдабергенов,
«Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 сәуір 2017 г. 880 0