
Бүгін "Нұр Отан" партиясы Қызылорда қалалық филиалының депутаттық фракция мүшелерінен құрылған "Нұрлы Жол" мемлекеттік бағдарлама бойынша комиссия мүшелері Демісінов көшесі бойында 50 пәтерлі № 1 тұрғын үй және 60 пәтерлі № 2,3,4 тұрғын үй және «Арай-3» мөлтек ауданында 50 пәтерлі № 10,11,12,13 құрылыстарына рейд жүргізіп қайтты.
Рейд мақсаты – мемлекеттік бағдарлама аясында бөлінген қаражаттың тиімді игерілуі мен салынып жатқан тұрғын үйлердің сапалығын тексеру және бақылау. Рейд құрамында қалалық партия филиалының фракция мүшелері, партия белсенділері, "Қазақстан Тұрғын Үй Жинақ банк" АҚ Қызылорда облыстық филиал директорының орынбасары Айзат Өмірзаққызы, бас мердігер мекемелер "Бақ-Береке 2030" ЖШС директоры Айбек Ерназаров және "СМП-Қызылорда" ЖШС директоры Темірхан Мәлікұлы, БАҚ өкілдері. Рейдті қорытындылай келе, комиссия мүшелері құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында барынша отандық өнімдерді пайдалану және жергілікті тұрғындарды жұмысқа тарту қажеттігін айта кетті.