Ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы тағайындалды

Ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы тағайындалдыҚала әкімінің 2017 жылғы 6 сәуірдегі №408 өкімімен Сейілов Медет Есдәулетұлы қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.
Медет Есдәулетұлы, 1982 жылы 7 қарашада Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Жоғары білімді.
2003 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Заңгер», 2013 жылы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы 2003 жылы «БСК Астық» ЖШС заңгер ретінде бастаған.
2005-2008 жылдары Жаңақорған аудандық ішкі істер бөлімінде учаскелік полиция инспекторы, анықтаушы, анықтау бөлімінің басшысы;
2008-2011 жылдары Қызылорда облысының «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Жаңақорған аудандық бөлімінің басшысы;
2011-2014 жылдары Қызылорда облысының «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шиелі аудандық бөлімінің басшысы;
2014 жылдан осы кезге дейін Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 сәуір 2017 г. 676 0