
Арал ауданындағы Аралқұм ауылының тұрғыны жеке кәсіпкер Қайрат Көбенов мемлекетіміздің ауылшаруашылығы саласына айрықша басымдық берген. Мал басын асылдандыруға арналған «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2016 жылы 10 млн. теңге несие алып, оған 59 бас аналық сиыр және 3 бас асыл тұқымды бұқа сатып алған.
Қазіргі таңда осы малдарды көбейту мақсатында және осы малдардан өнім өндіріп, еліміздің экономикалық дамуына өз үлесін қосуға жұмыс жасауда. Нәтижесі жаман емес. Қарамағында 3 адамды жұмыспен қамтып отыр.