
"Жастар ресурстық орталығы" КММ-сі Достық үйінде және Қызылорда жоғары медициналық колледжінде «Экспо 2017 – болашақ энергиясы» тақырыбында студент жастардың қатысуымен кездесулер өтті.
Кездесуге "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің бөлім басшысы Ардақ Аукенов, Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының әдіскері Меруерт Жәлімбетова және Қызылорда облысы бойынша «Экспо 2017» ресурстық орталығының менеджері Айдана Әбілда қатысып, аталған көрмеге қатысты барлық ақпараттық материалдарды және арнайы брендтік заттарды таратып, Экспо халықаралық көрмесінің тарихы мен өту барысы жайында толық ақпаратты жастарға ұсынды.