Қызылордада азаматтардан заңсыз сақталған қару-жарақтарды қабылдау акциясы басталды

Қызылордада азаматтардан заңсыз сақталған қару-жарақтарды қабылдау акциясы басталдыҚоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдана отырып жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің  нұсқауына сәйкес 2017 жылғы 10 сәуірден бастап республика аумағында тұрғындарда заңсыз сақтаудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды  сатып алу  бойынша кезекті акция  өткізілуде.
Акцияның негізгі мақсаты – азаматтарда заңсыз сақталған қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді өтемді түрде қабылдау болып табылады.
Қазіргі таңда барлық қалалық және аудандық ішкі істер бөлімдерінде азаматтар тапсырған атыс қаруының, жарылғыш заттардың, оқ-дәрінің техникалық жай-күйі мен оларды тапсырғаны үшін сыйақы белгілеу жөніндегі  комиссия  құрылды.   
Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктерге тартылмайды.  Ол азаматтарға тапсырған қаруының, жарылғыш заттардың,  оқ-дәрінің  түріне және техникалық жай-күйіне байланысты айлық есептік көрсеткіштің 10-нан 100-ге дейінгі мөлшерінде сыйақы тағайындалады.          
2016 жылы азаматтардан барлығы заңсыз сақталған  344  қару өтемді түрде  қабылданса, олардың  312 тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, 32 иір ойықты аңшы қару, 235 дана қарудың оқ-дәрілері. Облыс көлемінде 2014 жылы тұрғындар арасында қару-жарақ өткізген 292 азаматтарға барлығы 15 000 000 теңге төленген.
       Азаматтардың заңсыз сақтаудағы қаруларды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды ішкі істер бөлімдеріне өткізіп, қарумен жасалатын қылмыстардың және төтенше оқиғалардың алдын алуда өз  үлестерін қосады деген сенімдеміз.


Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 сәуір 2017 г. 558 0