«Азаматтарға арналған үкімет» басшылары бір күнге ХҚКО инспекторларына айналды

 «Азаматтарға  арналған  үкімет»  басшылары бір күнге ХҚКО инспекторларына айналды «Азаматтарға арналған  үкімет» мемлекеттік  корпорациясының Қызылорда облысы бойынша филиалы ХҚКО департаментінің директоры және орынбасарлары «Дублер күніне» қатысты. Осылайша, департамент басшысы Аида Әбибуллаева ХҚКО-ның  кеңесшісі болып, ал оның орынбасарлары Айнұр Тобаева мен Айнаш Нұрманова Мамандандырылған ХҚКО-да автокөлікті қайта тіркеуге құжаттарды қабылдады және жылжымайтын мүлікке техникалық  тексеру жүргізді. Сонымен қатар қалалық бөлімдерге де барып инспектор қызметін атқарды.  
«Дублер күні» бүкіл Қазақстан бойынша ХҚКО бөлімдерінде, әлеуметтік  төлемдердің есеп айырысу орталықтарында және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменттерін де жүргізілуде.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының құрылғанына бір жыл» және біз бұл күнді өзіміздің қызметкерлерімізбен бірге алдыңғы қатарда өткізуді шештік. Бүгін барлық директорлар мен олардың орынбасарлары бірнеше сағатқа өздерінің лауазымдық міндеттерін ауыстырып, «алаңға» жұмысқа шықты. Бұл бізге халықтан кері байланыс алуға және клиенттердің артықшылықтарын көбірек білуге мүмкіндік береді» - дейді ХҚКО филиал директоры Аида Әбибуллаева.
Мемлекеттік корпорация 4 РМК-дан құрылғанын атап өту қажет. Оның құрамына «Халыққа қызмет көрсету орталығы», «Зейнетақы төлемдері жөніндегі мемлекеттік орталық», «Жер кадастрының ғылыми-өндірістік орталығы» РМК кірген. Ол мемлекеттік  корпорацияның тек фронт – офистерінің  жұмысын ғана емес, оның бэк – офистерінің  жұмыстарын зерттеуге, соның ішінде зейнетақы, декреттік төлем, жер учаскілерінің өлшеулерін, жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру және тағы басқа мемлекеттік қызметтерді жүргізуге мүмкіндік  береді.
Бүгінде Қазақстанда мемлекеттік корпорацияның 546 мемлекеттік қызметтерді көрсететін  349 фронт – офистері  жұмыс жасайтынын естеріңізге саламыз. Өзінің бір жыл жұмысы ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы 37 миллионнан астам мемлекеттік  қызмет көрсеткен.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 сәуір 2017 г. 718 0