Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері ауа райы қандай болады? Қазақстанда 11-13 сәуір күндері ауа райының қандай болатыны жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, соңғы күндері орналасқан жылы ауа райының орнына аздаған салқын ауа райы келеді. "Қазақстанның батыс облыстарында орналасқан циклон солтүстік-шығыс бағытында жылжып келеді. Алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде ауа райын сол анықтайтын болады. Солардың әсерінен бұлтты және жауын-шашынды ауа райы күтілуде, көбіне жаңбырлы, кей жерлерде желдің күші 15-25 м/с дейін болады деп болжануда. Температура төмендейді, бірақ  қалыпты нормадан 3-6 градус жоғары болып қала береді", - деді синоптиктер.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 сәуір 2017 г. 454 0