Шахматтан 3 дүркін Азия чемпионы

Шахматтан 3 дүркін Азия чемпионы 31 наурыз – 10 сәуір аралығында Өзбекстанның Ташкент қаласында 8-18 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар арасында шахматтан Азия чемпионаты өтті. Байрақты бәсекегеҚызылорда облысынан 3 спортшы қатысып,жерлестеріміз 4 медаль иеленді. 
Атап айтсақ, шахматтың рапид, классика және блиц түрлерінен  сынға түскен Әсел Серікбай жоғары нәтиже көрсетіп, 3 дүркін Азия чемпионы атанды. 16 жасқа дейін өнер көрсеткен Әсел рапид бойынша  7 ойыннан 6 ұпай, классикада 9 ойыннан 8 ұпай, блицте 9 ойыннан 7 ұпай жинап, абсолютті Азия чемпионы атанды. Мұндай жетістікке Сыр елінің спорт тарихында жерлесіміз бірінші рет қол жеткізіп отыр. 
14 жасқа дейін бақ сынаған Назерке Нұрғали классика бойынша 9 ойыннан 6,5 ұпай жинап, Азия чемпионатының қола жүлдесін иеленді. 
Мейіржан Бармағанбетов рапид бойынша төртінші орынды еншілеп, шеберлігін шыңдады. 
Енді Ә.Серікбай мен Н.Нұрғали 20 сәуір - 1 мамыр аралығында Румынияда шахматтан оқушылар арасында өтетін  Әлем чемпионатына қатысады. Жерлестерімізге сәттілік!


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 сәуір 2017 г. 493 0