
Жыл сайын өтетін «Новая волна-2017» ән байқауында Қазақстан атынан жас әнші Рүстем Жүгінісов қатысады. Жақсы жаңалығымен ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Baq.kz.
«Сүйінші! Жақсы жаңалықпен бөлісейін. Мен «Новая волна-2017» xалықаралық ән байқауының финалисі атандым! Мәскеуге кетіп қалғанымды айтпағаныма айып етпеңіздер! Жақсы тосын сый жасаймын деп ойладым. Арманым орындалып міне бүгін өздеріңізбен бөлісіп жатырмын. Игорь Крутой ағамыз ақ жол тілеп, батасын берді.Жақсы жаңалығымыз көп болғай!», - деп жазды Рүстем.
«Новая волна» байқауының финалы Сочиде 8-15 қыркүйекте өтеді.