Күніне 2 банан жесеңіз, ағзаңызда не болады?

Күніне 2 банан жесеңіз, ағзаңызда не болады? Банан – өте дәмді әрі жеңіл жеміс. Ол асқазанда тез қорытылады, денсаулыққа әкелер пайдасы да мол. Ал күніне екі банан жесеңіз, сіздің денсаулығыңыз қалай жақсаратынын білесіз бе?
1.Артериялық қысым деңгейі қалыпқа келеді
Банан жоғары қан қысымын түсіреді, оның құрамында 420 мг калиий бар.  
2. Қаназдыққа көмектеседі
Қаназдық кезінде адамның өңі қуарып, тез шаршап, ентіге береді, әлсіздік пайда болады. Қан құрамындағы гемоглабин деңгейі төмендейді. Мұндайда банан жеп жіберсеңіз, біраз әлденіп, қуаттанасыз.
Бананда темір көп. Ал ол эритроциттерді өндіріп шығаруға себепші. Сондай-ақ бұл жемістің құрамында В6 дәрумені бар. Ол қандағы глюкоза деңгейін реттеп отырады.  Қаназдықпен ауыратын адамдардың еміне шипа .
3. Асқортуды жақсартады
Банан жеңіл қорытылады, ол ішек-қарын жолдарын тітіркендірмейді. Оның құрамындағы резистентті крахмал бойға таралып тоқ ішекке түседі. Ол қоректік ортаның қызметін атқарады.
Бананды гастритпен ауырған, асқазанында қыжыл мазалаған адамдар жеуге болады. Ол жойылған минералдарды қайта қалпына келтіреді.
4. Күйзелістен құтқарады
Банан жеген адамның көңіл-күйі көтеріліп қалады. Оның құрамында ағзамызға қажет триптофан бар. Ал банан құрамындағы магний минералы көтеріңкі көңіл-күй мен жайлы ұйқы сыйлайды.
5. Дәрумендер жетіспеушілігін  толықтырады
Банандар В6 дәруменіне бай. Аталған жемісте орташа есеппен алғанда В6 дәруменінің 20 % -ы бар. Ол ағзамызға қажет гемоглабин, инсулин өндіріп шығарады.
6. Энергия мөлшерін арттырады
Банан құрамындағы калий бұлшық етті құрысудан қорғайды. Сондай-ақ  жаттығу кезінде қуат беретін көмірсуға да бай.
http://kazdala.kz
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 сәуір 2017 г. 564 0