ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ҚАТЫСУШЫЛАРЫН ІЗДЕСТІРЕМІЗ!

Сталинград майданының балалары белсендісі, «Сталинград» клубының мүшесі, Ресей Федерациясы, батыр қала Волгоград-Сталинград, Городищенский ауданының Орловка селосының тұрғыны Н.И.Оводков Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа өтініш хатын жолдаған.
Хаттың барысы мен мақсатын Николай Оводков былай деп түсіндіреді. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Николай Иванович небәрі 8 жастағы бала болған екен. Сұм-соғыс жылдарындағы естеліктер есінде қалса  керек, уақыт өте есейгесін туған жерінде жерленген қызыл әскерлер туралы  мәліметтер жинап, ескерткіш белгілерін орнатудың бастамашысы ретінде жұмысты қолға алады.
Қазіргі таңдағы соңғы мәліметтер бойынша, Городищенский ауданының Орловка селосында 5 мыңға жуық қызыл әскер жерленген. Қазақстан елінен жерленген әскерилер саны  – 207. Олардың  35-і туралы ғана ақпарат  жинақталса, қалған ардагерлер туралы мәліметтер іздестірілуде. Сталинград майданының балалары белсендісі, «Сталинград» клубының мүшелері іздестіру жұмыстары кезінде үш қазақ қызыл әскерінің медалін тауып алады. Қазіргі таңда бұл құнды жәдігерлер Орловка селосындағы Г.А.Рубанова атындағы орта  мектебінің мұражайында сақталып тұр. 
1. Исмаилов Серік, /1920-1942 ж./ қызыл Әскер 115-ші атқыштар бригадасы;
2. Нусхаев Канур Мучерович /1906-1943 ж./ Қызыл Әскер 226- атқыштар бригадасы;
3. Ахмед есімді ардагер туралы ешқандай мәлімет табылмаған.
Осы көрсетілген ҰОС арда¬герлерінің туған-туыс¬тары немесе қосымша дерек көздер табылған жағ¬дайда Қызылорда облы¬сының қорғаныс істері жө¬ніндегі департаментіне хабар¬ласуларыңызды сұраймыз. 
Байланыс нөмірлері:
/24-73-38, 24-42-66/
  
Облыстық қорғаныс істері жөніндегі
департаментінің баспасөз қызметі.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 сәуір 2017 г. 561 0