Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалдыҚызылорда облысы әкімінің аппараты басшысының орынбасары қызметіне Шотаев Серік Есіркепұлы тағайындалды. 
Серік Есіркепұлы 1967 жылы туған. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген. 
Еңбек жолын 1984 жылы жұмысшы ретінде бастаған.
1994 жылы  прокурор  көмекшісінен бастап прокуратура органдарында әртүрлі лауазымды қызметтер атқарған.
2016 жылдың маусым айынан бастап облыс әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің басшысы. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 сәуір 2017 г. 629 0