Өз деңгейіндегі операторларды облыс әкімдіктеріндегі ауылшаруашылығы басқармалары анықтайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін арзандатылған дизель отынымен қазақстандық ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілердіқамтамасыз ету мәселелеріне арналған баспасөз мәслихаты барысында ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов хабарлады.
«2017 жылдың егіс жұмыстары үшін дизель отынын жеткізу туралы бекітілген Кестенің аясында ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілерге 375 мың тонна бөлінген, оның ішінде Атырау мұнай өңдеу зауыты-79,0 мың тонна, Павлодар мұнай -химия зауыты-233 мың тонна, «ПетроҚазахстан Ойл Продактс»-63,0 мың тонна дизель отыны»,-деді Әсет Мағауов.
Оның мәліметінше, ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі жыл сайын облыс әкімдіктерімен бірлесе мұнай өнімдерінде ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілер мұқтаждығының көлемін анықтайды және егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін дизель отынын жеткізу көлемі туралы ұсынысты Министрлікке жолдайды.
Сондай-ақ, Әсет Мағауов қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігі бірлескен «Егіс жұмыстарына дизель отынын жеткізу бойынша облыстарды бекіту Кестесі» бекітілгенін жеткізді.
Бекітілген кесте ҚР АШМ атынан облыс әкімдіктердегі ауылшаруашылығы басқармаларына, ҚР Энергетика министрлігі атынан қорды ұстаушыларға орындау үшін жіберілді.