Маусым айынан бастап Астана-Будапешт рейсі іске қосылады

Маусым айынан бастап Астана-Будапешт рейсі іске қосыладыБұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Мажарстанның ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі АндрашБарани мәлім етті. 
«Бүгін Орталық және Шығыс Еуропадағы ең ірі лоу-кост әуе тасымалдаушысы WizzAir әуе компаниясы Астана және Мажарстанның елордасы Будапешт арасындағы жаңа әуе қатынас жолының іске қосылатындығын жариялады. Жаңа әуе қатынас жолы маусым айының 8-ші жұлдызында іске қосылады және аптада екі рет, бейсенбі және жексенбі күндерінде жұмыс істейтін болады. Астана-Будапешт әуе билеттері қазірдің өзінде сатылуда. Оларды тікелей wizzair.com сайтында 39,99 евродан басталатын бағалар бойынша сатып алуға болады» - дедіол.
Мажарстан «WizzAirHungaryLtd» әуе компаниясының коммуникациялар бөлімінің басшысы Тамара Валуа болса аталған әуерейсі екі ел арасындағы татулықты нығайта түсеріне сенім білдірді.
«Астана-Будапешт бағытының ашылуы WizzAir компаниясы үшін айтулы оқиға деп есептеленеді. Өйткені бұл біздің әуе компаниямыздың Қазақстандағы дебюті. Сондай-ақ бұл бағыт Қазақстанды Еуропа Одағымен бірінші лоу-кост әуе қатынас жолымен қамтамасыз етеді. Біз бағдарлы торабымыздың әрі қарай дамуына, жаңа жұмыс орындарын қалыптастыруына және бизнесті дамытуға сенімдіміз. Біздің Астана-Будапешт әуе қатынас жолымыз екі елдің арасындағы туризм және бизнес жөніндегі қарым-қатынастарды ынталандырып шетелдік қонақтар үшін EXPO-2017 көрмесіне қатысуының жеңіл және қымбат емес тәсілін ашады. Біз Мажарстан және Қазақстан үкіметтеріне әуе бағыттың жүзеге асуы барысында көрсеткен қолдаулары үшін алғысымызды айтамыз және құрметті жолаушыларды әуе кемелеріміздің бортында тағатсыздана күтеміз» деді ол. 
Айта кететін тағы бір жайт, «WizzAir» Орталық және Шығыс Еуропадағы ең ірі лоу-кост әуе тасымалдауышысы болып табылады. Әуе компанияның флотын AirbusA320 және A321 түрлі 79 ұшақ құрайды. Авиация саласындағы мамандандырылған жетекші басылымдардың бірі «AirTransportWorld» хабары бойынша WizzAir 2016 жылдың «Ең үздік әуекомпаниясы» болып табылған.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 сәуір 2017 г. 564 0