ҚР Ұлттық Ұланы 7 сәуір күнін Ерлік күні деп жариялады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің апталық шолу брифингі барысында ОКҚ ресми Мұрат Жұманбай хабарлады.
«1995 жылы тәжік-ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан Қазақстан Республикасы Ішкі әскерінің 17 жауынгерін еске алу мақсатында ҚР Ұлттық Ұланы 7 сәуір күнін Ерлік күні деп жариялаған болатын. Осы күні Ұлттық ұланның бөлімшелері орналасқан аймақтарда ардагерлер, әскери міндетін өтеушілер, жеке құрамалар, қаза тапқан жауынгерлердің достары Отан алдындағы әскери борышын орындау жолында қазақ тапқан жауынгерлерге құрмет көрсетеді»,-деді Мұрат Жұманбай.
Ресми өкілдің мәлімдеуінше, ағымдағы жылдың 7 сәуірінде сағат 11:00-де Астана қаласында «Отан қорғаушылар» монументінде ІІМ басшыларының және ҚР Ұлттық Ұланның Бас қолбасшысының, Парламент депутаттарының, қоғам қайраткерлерінің, әскери ардагерлердің қатысуымен салтанатты шара өтеді.
Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы туралы
Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің апталық шолу брифингі барысында ОКҚ ресми Мұрат Жұманбай хабарлады.
Мұрат Жұманбайдың мәліметінше. Әділет министрлігінің «ҚР Конституциясының ережелеріне сәйкестендіру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы», ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің «Экспорттық бақылау мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы», ҚР Ұлттық экономика министрлігінің «Мемлекеттік статистика мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының тұжырымдамалары қарастырылады.