
«Ең сұлу қыз» фильміндегі қосалқы рөлдерге кастинг жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz.
Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ режиссер Қанағат Мұстафинның «Ең сұлу қыз» жаңа көркем фильміне қосалқы рөлдерге кастинг жариялайды. Фильмді ҚР мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы «Kanaidarproduction» және «Шешенфильм» студиясы түсіреді.
Киностудияның баспасөз қызметі мәлімдегендей, кастингке 16-66 жас аралығындағы жігіттер мен бойжеткендер, ер азаматтар мен әйелдер қатыса алады.
Мекен-жайы: Әл-Фараби даңғ., 176, «Қазақфильм» киностудиясы, «ПЛК» ғимараты, екінші қабат, 272 кабинет.
Кастингке қатысам деушілер көрсетілген мекен-жайға 2017 жылғы сәуірдің 3-і мен 6-ы күні сағат 10.00-18.00 аралығында баруы тиіс.