Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде мемлекеттік органдардың ресми өкілдері және баспасөз хатшыларының қатысуымен өткізілген брифинг барысында Ақпарат және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Бәріңізге белгілі 31 наурыз күні сағат 8-22-де «KazSat-2» жер серігімен байланыс үзілген болатын. Осы жер серігіне тікелей қосылған "OTAU TV" мен кейбір байланыс операторлары қиын жағдайда қалған еді. Ал оқыс жағдайдан кейін отандық байланыс және телехабар тарататын мекемелер шұғыл KazSat-3-ке ауыстырылды. Қазтелерадио АҚ-ның жедел жұмысының нәтижесінде аталған мәселер шешімін тауып, өз жұмысын жалғастыруда» деді.