Қызылордада талайды сан соқтырған алаяқ ұсталды

Қызылордада талайды сан соқтырған алаяқ ұсталды Қызылордада талайдың аузын айға қаратқан алаяқ ұсталды. 34 жастағы азаматша «пәтер алуға көмектесемін», - деп қала тұрғынының 1 млн 200 мың теңгесіне иелік еткен. Көп ұзамай тағы бір қызылордалықтың сеніміне кіріп 900 мың теңгесін қағып алған.
Жалдамалы үйді өзінің баспанасы ретінде көрсетіп, тағы біреудің 970 мың теңгесін қалтаға басқан. Одан бөлек «жұмысқа тұрғызамын, тез арада несие алып беремін», - деген жалған желеумен бірнеше адамның қомақты қаржысын алаяқтықпен алдап алған. Арбау арқылы өткен жылы бас-аяғы 3,5 млн теңгедей ақша жинаған алаяқ әйел ақыры тәртіп сақшыларының қолына түсті. Бөтеннің мүлкін заңсыз иемденуге әбден дәніккен азаматша уақытша ұстау абақтысына қамалды.
Мейрамбек Сұлтанханұлы, қалалық ІІБ тергеушісі: - Бұл қылмыстарды жартылай мойындап отыр. Яғни тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Күдік келтіріліп отырған азаматшаға ҚР ҚК-мен 3-7 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасына тартылатындығы Қызылорда қаласының сотымен дәлелденіп, шешімін табады.
http://24.kz
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 сәуір 2017 г. 520 0