Шиелі. Аудан орталығының тұрғыны Қайрат Үрманов оңғы 3 жылдан берi құс баптауды да қолға алып келедi. Арнайы Шымкент қаласынан құр, бөдене, түйетауық, үйрек секілді құстың бiрнеше түрiн алып келiп, олардың санын көбейтті. Аудан әкімдігінің хабарлауынша, қазір одан пайда тауып, өз игілігіне жаратып келеді.
Оның айтуынша, үй құстарының iшiндегi ең iрiсi түйетауықтың әрқайсысы 6-20 келi аралығында ет бередi. Бөдене жұмыртқасының қуатының күштiлiгi соншалық, бiр адам күнiне 2 жұмыртқадан артық жеуге болмайды. Онымен қоса кәсiпкердiң үйiнiң сыртқы бетiнде жеке дүкенi де халық игiлiгiне жұмыс жасауда. Онда үйiнде бапталып жатқан төрт түлiк малдан, құстардан дайындалған өнiмдердi көруге болады.
Қайрат Үрманов – сондай өзiн-өзi жұмыспен қамтып, кәсiбi жанданып отырған кәсiпкердiң бiрi. 20 жылдан астам уақыт ата кәсiбiмiзбен айналысып келген Қайрат малдың қыр-сырын, күту тәсiлiн жетiк меңгерген. Сыртта ұстаған малдан бөлек үйiнде де төрт түлiк малдың бабын тауып, бағуын келiстiрген. Кәсiпкер Қайрат: "Бастапқы уақытта қиындығын көрдiм, ал қазiр рахатын көрудемiн",-дейдi.