Мобильді топ тұрғындармен кездесті

Мобильді топ  тұрғындармен кездесті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ кезекті ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Шиелі ауданында іс-сапарда болды.
Мобильді топтың алғашқы кездесуі Шиелі аудандық әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерінен басталды.
Келесі кездесу, медицина қызметкерлерімен кездесу мақсатында аудандық емханада жалғасын тапты. Шараға дәрігерлер мен аяжандар қатысты. Мобильді медицина қызметкерлерімен кездесуден соң, №46 орта мектепте аудан бойынша мектеп директорлары мен аталған мектеп ұжымдарымен кездесті. 
Кездесу барысында, бала тәрбиесіне, адамның денсаулығының саулығына жауап беретін білім және денсаулық сақтау саласы қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың қазіргі облыстағы жағдайы талқыланып, жалпы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидатын қалыптастыру басты назарда екендігі айтылды.  
Сонымен қатар, мобильді топ ауданда атом саласында қызмет атқартын «РУ-6» ЖШС-нің қызметкерлерімен кездесті. Бұдан әрі, Ы. Жахаев ауылының тұрғындарымен кездесіп, кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың індет екендігін және сол індеттің алдын алу қажеттігі айтылды. Қорыта келе, ең бастысы әр азамат өзінің Конституциялық құқығын қорғай білу қажеттігі жете түсіндірілді. 
Мобильді топ мүшелері барлық кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында бейнероликтер көрсетіп, таратпа материалдарын таратып, жиналған қауыммен жемқорлықтың алуға байланысты пікір алмасты. 
Сонымен қатар, қатысушылар қойылған сұрақтарына тиісті жауаптарын алды .




ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 сәуір 2017 г. 446 0