Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ержан Абдрахмановтың қатысуымен брифинг өтіп, онда Елбасының биылғы - Жолдауында нақтыланған басымдықтарды жүзеге асыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде әңгімеленді.
– Елбасының «Қазақстанның үшінші жаң¬ғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы облыстық мәдениет және өнер мекеме¬лері қызметкерлерінің арасында кеңі¬нен насихатталып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Осы Жолдаудан туындайтын басым бағыттардың бірі «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында «Электронды архив», «Электронды кітапхана», «Виртуалды музей» ақпараттық жүйелерін қалыптастыру, жетілдіру, аза¬маттардың тиісті ақпараттарға қолжетім¬ділігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы іс-шаралар әзірленіп, біршама жұмыстар атқарылуда,– деді Е. Абдрахманов.
Сонымен бірге, басқарма басшысының айтуынша, кітаптарды электронды нұсқада оқу, аса құнды сирек кітаптар мен өлкетану құжаттарын сақтау үшін электрондық көшірмесін жасау, оған қашықтан енуді қамтамасыз ету мақсатында да жұмыстар жүргі¬зілуде. Аймақта жергілікті баспалардан шығатын басылымдарды сандық форматқа көшіру, виртуалды анықтама, атап айтқанда, кітапхана сайтына кіріп, қордағы әдебиеттердің бар-жоғы жөнінде сұрақтар қою, сондай-ақ, қашықтықтан пай¬да¬ланушыларға электронды құжаттарды жеткізу қызметтері көрсетілуде. Қазіргі таңда облыс бойынша өлкетану бағытында 3343 кітап, сонымен бірге, 1941-1969 жылдары басылып шыққан облыстық «Ленин жолы», «Путь Ленина» газеттері де сандық форматқа көшірілген.
Сондай-ақ, басқарма басшысы архив саласы бойынша сандық жүйеге бірінші кезекте құнды құжаттардың енгізіліп жатқанын айтты. Жалпы, облыс архивтері қорларында 700 мыңға жуық құжат сақталуда. Бүгінгі күнге архив құжаттарының 67917 сақтау бірлігінің 10 млн-ға жуық парағы сандық форматқа көшіріліп, сақтандыру қорлары жасалған.
Жаңа технологияларды пайдалану мақ¬сатында алдағы уақытта облыстық театр, филармония, облыстық тарихи өлкетану музейінің қызмет түрлеріне билет сату онлайн режимінде жүргізілмекші.
– Биылғы жылға жоспарланған шара¬лардың барлығы елімізде өтетін ЭКСПО-2017 халық¬аралық көрмесі, Мемле¬кеттік рәміздердің қабыл¬дануының 25 жылдығы, таяу және алыс ¬шетелдермен дипломатиялық қарым-қатынастар орна-тылуының 25 жылдығына арналып отыр. Атап айтсақ, ағымдағы жылдың 10-16 сә-уірін¬де Қызылорда облысының Әзір¬байжан Рес¬публикасындағы мәдениет және өнер күндері аясында Баку мен Шеки қалаларында гастрольдік сапар ұйым-дастырылады. Оған облыстық ¬театр және филармонияның шығармашылық ұжымдары қатысып, өнер көрсетеді. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында үстіміздегі жылдың 10-15 тамыз аралығында Астана қаласында Қызылорда облысының өнер күндері өтеді. Сонымен бірге, Қызылорда қаласында түркі тілдес елдердің халықаралық «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» фольклорлық музыкалық өнер фестивалі, суретшілер симпозиумы өтетін болады,– деді Е.Абдрахманов.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы Жалағаш ауданының Мәдениет, Шиелі ауданының Еңбекші, Қазалы ауданының Жалаңтөс батыр ауылында 150 орындық клуб құрылысын салу жұмыстары жоспарланса, Қызылорда қаласындағы Архивтер ғимаратының құрылысы аяқталады деп күтілуде.
Айнұр БАТТАЛОВА.