Сәрсенбіде аймақтағы бюджеттік бағдарлама әкімшілері, жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік мекеме мен кәсіпорындар арасында аудиториялық іс-шаралар нәтижелері мен қаржы, бюджет мемлекеттік сатып алу саласында құқық бұзушылықтардың алдын алуға арналған мәжіліс өтті. Басқосуда облыс бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Ғанижан Қалиев жиынның маңыздылығына тоқталып, аталған салада қызмет ету үлкен жауапкершілікті талап ететінін жеткізді. Сондай-ақ, департамент басшысының орынбасары Марат Егембердиев бүгінге дейін аудиторлық іс-шараларға сай атқарылған жұмыстардың нәтижесіне тоқталды. Ал, бөлім басшысы Майрамкүл Өмірбаева мемлекеттік сатып алуларға өткен жылы жүргізілген камералық бақылау жұмысы жайында хабарлады.
Департамент бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен мемлекеттік мекемелердің қар¬жы¬лық есептілігіне жыл сайын тексеру жұмыс¬тарын жүргізеді. Сонымен қатар, заңға сәйкес, камералық бақылауды да жүзеге асырады. Өткен жылы аймақтағы облыстық бюджеттен қаржыландырылатын 37 мемлекеттік мекеме мен кәсіпорынға тексеру жұмыстары жүргізіліп, 657 млн 917 мың теңгеге қатысты қаржылық құқық-бұзушылықтың орын алғаны анықталды. Аталған мәселеге байланысты тиісті жұмыстар атқарылып, 11 млн 330,5 мың теңге облыстық бюджетке қайтарылды. Сонымен қатар, 95 млн 254,5 мың теңге қайта қалпына келтірілді.
Жүргізілген бақылау жұмыстары барысында 12 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылса, 8 лауазымды тұлғаға 1 млн 696,8 мың теңге айыппұл салынып, әкімшілік жауап¬кершілікке тартылды. Аталған мәселеге қатысты тиісті шешімдер қабылдау үшін 378 млн 734 мың теңгенің 10 тексеру материалы құқық қорғау органдарына жолданды.
Марат Егембердиевтің айтуынша, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мекеме мен кәсіпорындарда көбіне бюджет қаражатын негіз¬сіз жоспарлауда, бекітілген мөлшерден жоғары шығындардың жоспарланып жұмсалуы кезінде және келісімшарт міндеттемелерін орындауда құқық бұзушылықтар орын алады. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу заңнамасы сақталмай, негізгі қорлар мен материалдық құндылықтардың бухгалтерлік есеп бойынша кіріске алынбауы бюджет қаржысының мақсатсыз жұмсалуына әкеліп соғады. Тіпті бухгалтерлік есеп дұрыс жүргізілмесе, бюджет қаржысы талан-таражға түсуі де мүмкін. Осындай келеңсіздіктерге жол бермеу мақсатында Ғанижан Қалиев қаржы¬герлерді табанды әрі жауапкершілікпен жұмыс жасауға шақырды.
Өткен жылы мемлекеттік сатып алуларға ка¬ме¬ралық бақылау жүргізіліп, 219 589,3 млн теңгені құрайтын 13001 лот қаралды. Нәти¬жесінде, 2144 лот бойынша 18471,2 мың теңгеге қатысты құқық бұзушылықтарға жол берілгені анықталды. Аталған мәселеге қатысты әкімшілік жауапкершілікке тарту жайында 641 -хабарлама жолданды. Биылдың өзінде 109 918,2 млн теңгені құрайтын 11 684 лот камералық бақылаумен қамтамасыз етілді. Нәтижесінде, 565 лот бойынша 4 208,9 мың теңгеге қатысты әртүрлі деңгейде мемлекеттік сатып алу бұзушылықтары анықталған. Осы орайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыларға 280 хабарлама жолданған болатын. Бүгінде 261 хабарлама қанағаттандырылып, 19 хабарламаға қатысты тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Басқосуда Майрамкүл Өмірбаева өткен жылы департамент қазынашылық органдарымен 2 363,3 мың теңгені құрайтын 365 келісімшартқа тексеру жұмыстарын жүргізгенін атап өтті. Сондай-ақ, тексеру жұмыстары барысында 8 келісімшарт ¬бойынша 41777,4 мың теңгеге қатысты мемле¬кеттік сатып алу заңнама талаптарының бұзыл¬ғаны анықталды. Осы мәселеге қатысты 89 жауапты тұлғаға 11326,1 мың теңге айыппұл салынып, тиісті қаражаттың 63,7 пайызы бюджетке қайтарылды. Биылдың өзінде мемлекеттік сатып алу заңнама талаптарын бұзғаны үшін 27 жауапты тұлғаға 20647,9 мың тенге айыппұл салынды.
Департаменттің өткен жылғы жұмысы мен алдағы міндеттеріне қаныққан қатысушылар жауапты азаматтарға сауал жолдап, мемлекеттік сатып алу саласына қатысты өз ойларын ортаға салды. Жиын соңында Ғанижан Қалиев тиісті қаражаттың тиімді игерілуі екі жақ үшін де оң нәтижеге қол жеткізудің жүйелі тәсілі екенін атап өтті.
К.БАЛТАБАЙҰЛЫ.