Мұндай Филиппин, Малайзия, Коста-Рикиден әкелінген көрмеден бөлек
қызылордалықтар бұрын-соңды қаламыздан әсем көбелектерді көрмеген
болар?! Көрмеде барлығы 14 түрі қойылған, дегенмен бірінен-бірі өтеді.
Көрме облыстық тарихи-өлкетану музейіне тиесілі павильондардың бірінде
өтті. Бұл жайында kyzylorda-news.kz ақпарат агенттігі хабарлады.
Көрмені ұйымдастырушы Болат Иссауиевтің айтуынша, мұнда үнемі 25-27
градус ауа температурасы сақталып тұрады, ал ауаның ылғалдығы 80
пайыздан асады. Осындай атмосфера негізінен тропикалық ормандарда болады
және ол қабыршаққанаттылардың өмір сүруіне ыңғайлы.
- «Көрме
еліміздің өзге де Ақтөбе, Ақтау Тараз сынды қалаларында өткізілді. Енді
Рудный, Қостанай қалаларына баруды көздеп отырмыз. – Жолда
тасымалдаушылар арнайы контейнерлердегі қуыршақтарды әкеледі. Онда
көбелектер пайда болады. Айта кету керек, мұндай тылсым жағдайда пайда
болатын құбылыстарды да біздің павильоннан көруге болады. Орташа есеппен
алғанда көбелектердің өмір сүру уақыты 15-20 күнге созылады. Және
тек Калиго ғана барлығынан ұзағырақ 1,5-2 ай өмір сүреді», - деді.
Калиго , алтын қанатты, атакус атлас, идэя левкония және тағы басқа да
көбелек түрлері көрмеге келгендердің, әсіресе балалардың қызығушылығын
оятты.