
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері Талсуат психоневрологиялық диспансері тәрбиеленушілеріне арналып «Жүрек жылуымыз – балаларға» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Акция мақсаты – жас ұрпақтың бойына мейірімділік, ізгілік, жанашырлық қасиеттерін сіңіру. Балаларға қуаныш сыйлауға кітапхананың белсенді оқырмандары да атсалысып, ән мен жырдан шашу шашып, ертегілерден қойылымдар көрсетті. Мерекелік шара соңында балаларға арнайы дайындалған тәттілер үлестірілді.