Қазақтар жаппай көлік жаңартып жатыр

Қазақтар жаппай көлік жаңартып жатыр Халық жол талғамайтын көліктерді көбірек ала бастады. Қазақстанның  автобизнес қауымдастығының мәліметіне сәйкес, қаңтар-ақпан айларында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жаңа көліктерді сатып алу көлемі 34 пайызға артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Осы орайда қазақстандықтардың жол талғамайтын көліктерді көптеп ала бастағанын ерекше атап өткен жөн. Мәселен, қаңтар-ақпан айларында осы санаттағы көліктердің 752 данасы (45,5 пайыз) сатылды. Одан кейін жеңіл автомобильдер (646 дана, 39,1 пайыз) келеді. Ал үшінші орында – жүк машиналары, тракторлар мен автобустар сияқты коммерциялық техника (LCV).
Аталған көліктердің екі айлық саудасы 150 данаға жеткен. Өткен жылы екі айда ол көрсеткіш 30 данадан аспаған.
«Отандық көліктердің саудасына жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы оңтайлы әсер етті. Қазақстанның көлік саласын қолдаудың осы бір шарасы өз тиімділігін көрсетті. Халық отандық автомобильдерді жиі ала бастады. Себебі көлікті 4 пайыздық несиемен сатып алуға мүмкіндік бар», – дейді Қазақстанның автобизнес қауымдастығының сарапшылары.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 сәуір 2017 г. 523 0