Сәуірден бастап кинотеатрлардан «Соқыр Махаббат» атты фильм көрсетіледі

Сәуірден бастап кинотеатрлардан «Соқыр Махаббат» атты фильм көрсетіледі 6-шы сәуірден бастап Қазақстанның барлық кинотеатрларынан "Соқыр Махаббат" атты фильм көрсетіледі деп хабарлайды qamshy.kz.
Үлкен экрандарға төл тілімізде шығатын аталмыш фильмнің режиссері Данияр Саид, продюсері жерлесіміз Сиви Махмуди.
"Соқыр Махаббат" фильмінде басты рөлдерді - Сиви Махмуди, Ренат Басит, Жан Байжанбаев, Серікбол Сайлаубек сияқты актерлер сомдады.
Фильм туралы қысқаша айта кететін болсақ, Арлан атты жігіт (Ренат Баситов), тағдырдың тәлкегінде әбден тербеліп, барша қайғы-мұңды басынан кешіріп, көру мүмкіндігінен айырылған Анельге (Сиви Махмуди) ғашық болып қалады. Алайда бірін-бірі құлай сүйген қос ғашыққа тағдыр талай сынақ дайындап қойған екен. Кейде сүйетініңді дәлелдеу үшін, сезіміңді құрбан етуге тура келеді, махаббаттың өтеуі сондай!
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 сәуір 2017 г. 705 0