Сырдария өзеніне жүргізілген мониторинг туралы

Сырдария өзеніне жүргізілген мониторинг туралыҚызылорда облысы аумағында көктемгі су тасқыны кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мақсатында ағымдағы жылдың 5 наурызынан бастап Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мобильдік тобы (24 адам 11 бірлік техника, 4 бірлік үрленген және 1 дана моторлы қайық) құрылды. 
2017 жылғы 5 наурызында құрылған мобильдік топ Сырдария ауданынан бастап тәулік бойы Сырдария өзеніндегі мұзға мониторинг жүргізіп және бір мезетте ГТҚ (гидротехникалық құрылғылар), қорғаныс бөгеттерінің жағдайына әр елді мекеннің тұсындағы мұздың қалыңдығына және су басу қаупі бар учаскелерді бақылады. Сырдария, Жалағаш және Қармақшы аудандарының аумағынан мұз кедергісіз өтті.
2017 жылғы 24 наурызда Қазалы су торабы (жоғары 4 шақырым, төменгі бөлігі 7 шақырымды) мұз кептелісі орын алды.
Осы мұз кептелісі салдарынан Қазалы су торабының жоғарғы бөлігінде Сырдария өзеніндегі су денгейі көтерілді.
Алдын ала іс-шаралар қабылданды: атап айтқанда қызметкерлердің күшімен өзеннің төменгі жағында орналасқан елді мекеннің тұрғындарына, сонымен қатар қыстауда мал шаруашылығымен айналысып отырған жергілікті тұрғындарына су деңгейінің көтерілгені және су басу қауіпі туралы құлақтандыру жұмыстары ұйымдастырылды. Мониторингке жұмылдырылған Департаментің барлық қүш-құралдары Қазалы су торабы аумағына жиналды.
Азаматтық қорғау қызметі жергілікті атқарушы органмен бірлесіп төтенше жағдайды жою бойынша штабы құрылды. Қорғаныс бөгеттеріне, су жайылған аумаққа және өзен денгейіне үзіліссіз мониторинг жүргізілді.
2017 жылғы 25 наурызда Қазалы су торабынан төмен "Сарытоғай" учаскесінде жару жұмыстарын жүргізуге шешім қабылданды. Сондай ақ  26.03.2017 жылы 2 рет жару жұмысы жүргізілді.  
«112» телефонына жергілікті тұрғындардан жайылымда қалып қойған малдарын қауіпсіз жерге шығаруға көмек сұрағаны жөнінде хабар түсті. 26.03.2017 жылы «Балықшысай» учаскісіне құтқарушылардың күштерімен 15 адам соның ішінде 2 бала қауіпсіз жерге көшірілді. Су басқан «Шортай» учаскісінен 32 бас ІҚМ, 19 бас жылқы қауіпсіз жерге шығарылды.
КР ІІМ ТЖК "ОӨАЖҚЖ" құтқарушыларының күштерімен "Верхняя перемычка" учаскесінен 16 бас жылқы қауіпсіз жерге шығарылды.
2017 жылғы 26 наурызда 17 сағат 30 минут шамасында "Құмжиек" учаскісінің "Қозықашқан" жайылымының тұрғынынан ауырып жатқан жаңа туылған нәрестеге көмек сұрағаны туралы хабар түсті.
18 сағат 06 минутта  «Қазәуеқұтқару» АҚ /МИ-171/ тікұшағымен аталмыш учаскеден 5 адам эвакуацияланды /1 ересек адам, 4 бала/, сонымен бірге 3-4 шақырым жерде орналасқан көрші қыстаудан  да 3 адам көшірілді. /1 ересек адам, 2 бала/ Барлығы 2 ересек адам, 6 бала  өзге орынға көшірілген /эвакуацияланған/. «Құмжиек» учаскесіндегі «Қозықашқан»  жайылымынан 15 шақырым жерде жақын маңдағы Пірімов елді мекені орналасқан. Жайылымдар арасында автокөлік  жолы бар. Осы ретте жол жуылып, жайылымнан шығңатын жол көрінбей қалған. Сондықтан адамдарды эвакуациялау үшін, оның ішінде науқас баланы көшіру үшін тікұшақ пайдаланылды.
26 наурызда 18.30 сағатта сең Қазалы су торбаынан өзеннің төменгі жағына қарай қозғалды. Бір сағаттың ішінде судың деңгейі төмендеді. Осыған сәйкес Қазалы ауданы елді мекендерін су басу қаупі орын алған жоқ. Нәтижесінде төтенше жағдай  қызметкерлері  су басқан учаскеден /қыстаудан/ қауіпсіз жерге 32 ірі қара, 42 жылқы, 23 адамды көшірген, соның ішінде 8-і бала.
«Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы» РМК және «Қазгидромет»  РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының мәліметіне сәйкес Сырдария өзенінде мұздың жүруі аяқталып, 2017 жылдың 28 наурызында өзен мұздан толық тазартылды.

Қызылорда облысы ТЖД

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 наурыз 2017 г. 525 0